Астана қаласындағы «Алтын бесік» № 23 балабақшасында Дүниежүзілік бала күнін мерекелеу атап өтілді. Бұл балабақша көзі нашар көретін және соқыр балаларға арналған. Біздің Астанадағы өкіліміз Ксения Филимонова тентек әрі көңілді аниматорлармен бірге балаларға арналған таңертеңгілік қойылымды ұйымдастырды, онда аниматорлар балалардың көру қабілетін ескере отырып оларға арнап викториналар мен конкурстар өткізді. Бұдан басқа, тактильдік сезімталдылықты дамыту үшін біз балабақшаға құммен сурет салуға арналған арнайы үстел бердік. Бұл шығармашылық түрі соңғы уақытта өте танымал болып отыр және ұстаздар осы құрылғыдағы сабақтар көзі нашар көретін балалар үшін өте пайдалы болады деп сенеді. Бұл балалар мерекесінің бюджеті 12 000 теңгені құрады, оны Deluxe журналының бас редакторы және «АЯЛА» қорының достары клубының мүшесі Әлия Садырбаева тапсырды. Құммен сурет салуға арналған үстелдің құны – 140 000 теңге.
Тағы да бір балаларға арналған мерекені біздің қорымыз Алматы қаласының «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырды. Балалар көңілді спорт сайыстарын «АЯЛА қорының олимпиадасы – 2014» деп атады. Түрлі топтардың тәрбиеленушілері түрлі эстафетада қозғалыстың ептілігінде, жылдамдығында және үйлесімділігінде сайысты, үлкен картоннан олимпиада ауылын жасады. Барлығы Олимпиадаға 100-ге жуық бала қатысты, бұл 50 спортшы бала болады деп есептеген мерекенің ұйымдастырушылары үшін ауыр сынақ болды. «АЯЛА қорының олимпиадасы – 2014» барлық қатысушылары ұйымдастырушылардан шағын, бірақ өте пайдалы сыйлықтар алды. «Жанұя» кешеніне біз сондай-ақ үстелге қоятын спорттық ойындардың ауқымды санын бердік. Мерекенің жүргізушілері біздің байырғы әріптестеріміз ағайынды егіздер Асхат пен Азат болды. Бюджеті 140 000 теңге болған бұл мерекенің демеушілері қорымыздың достары клубының мүшелері Сәуле Жақиянқызы және Бибігүл Рүстемқызы Абулғазиналар болды. «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері атынан оларға бақыт, әл-ауқат және денсаулық тілейміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/1557-news-kz#sigFreeIdfdae79cc9a