«АЯЛА» қорының қызметкерлері Алматы қаласындағы сөйлеулері бұзылған балаларға арналған №24 түзету балабақшасына сыйлықтар алып келді. Бүгін осы тәрбиелеу мекемесі қордан ұсақ моторикасын, логикасын және математикалық қабілеттерін дамытуға арналған «Нумикон» білім жиынтығын алды. Педагогтар «Нумикон» жиынтығының жоғары тиімділігін белгілеп отыр. Мемлекеттік білім мекемелерінің барлығының өз арсеналында осындай жабдықтар бар бола бермейді.
Балабақша ұжымы «АЯЛА» қайырымдылық қорының жоғары кәсіптігін және көмек сұрағанға тез арада жауап қатуын белгіледі. «Нумикон» жиынтығын сатып алу үшін қаражат жинауға көмектескен «Спец Транс Экспресс» ЖШС болды. Жиынтықтың жалпы бағасы 168 000 теңгені құрады. Ризашылық білдіру үшін кішкентайлар демеушілерге шағын концерт дайындапты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/2040-news-kz#sigFreeId8999e2d9b2