Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен Saks Fifth Avenue Алматы қаласындағы сөйлеулерінде қатты кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзету) №124, №111 және №24 ясли-бақшаларына замануи білім беру жабдықтарын апарып берді.
Бұның өзі 25 сәуірде Saks Fifth Avenue-де өткізілген акцияның арқасында Mercedes Benz Fashion Week Almaty шеңберінде мүмкін болды. Мода индустриясының қазақстандық өкілдері Виктория Момынбаева, Евгения Тян, Лидо, Меруерт Ибрагим, Мәншүк Куанышева, Қарашаш Джузеева, Евгений Коновалов, Жанель Азамат, Вага Арт, Роман Александров және Сакен Жақсыбаев сатушы-кеңесшілер ретінде шығып тұрды, келіп-кетушілермен араласып стиль бойынша кеңестер берді. Осы сәнді шараның бағдарламасында кулинарлы мастер-класс болып өтті, лотерея ойнатылды, instagram болды, бірақ, «АЯЛА» қоры үшін ең маңыздысы осы оқиғаның сөйлеулерінде қатты кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзету) №24 және №111 ясли-бақшасына, және тағы, көрулерінде кемшіліктері бар балаларға арналған №124 ясли-бақшасына логопедтік «Дэльфа» тренажерын сатып алу үшін қаражат жинауға арналған болатын. Осы мақсатпен қайырымдылық акциясының барысында 1 500 000 теңге жиналды.
Логопедтік «Дэльфа» тернажеры – сөйлеудің кемшіліктерін түзетуге көмектесетін компьютерленген жиынтық. Және бұл үдеріс дем алуды дұрыс қоюдан басталады. «АЯЛА» қорының осындай жинақтарды тапсырып қойған интернаттардың логопедтері «Дэльфамен» жұмыс істеудің нәтижесі бойынша шаттана сөйлейді. Сөйтіп, үш логопедтік тренажерының бағасы 1 540 000 теңгені құрайды.
VILED Group-тың бас директоры Айгүл Амиржанова: «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бізді бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынас байланыстырады. Біз, қордың жобаларының көрінетін пайдалы нәтижесін көріп отырмыз, және біздің бірлесіп өткізген акцияларымыздың кезінде жиналған барлық қаражат балаларға көмек жасауға бағытталатынына біз сенеміз. Біз үшін бұл өте маңызды шаруа, біз қормен қуана ынтымақтастасымызды әрі қарай жалғастырамыз да, солай, кішкентайларға көмек көрсетеміз».
«АЯЛА» қайырымдылық қорының қоғаммен байланысу жөніндегі вице президенті Жангелді САРСЕНОВ былай деді: «Логопедтер үшін «Дэльфа» тренажеры жұмыстарында өте тиімді және қызықты көмекші болып табылады. Мен, балалардың осы тренажерда жұмыс істеу үшін кезекке таласа тұрғандарын көрдім. Біздің қор жаңа және бұрыннан келе жатқан серіктестер қайырымдылық жобалар үшін қаражат жинаудың ерекше түрлерін ойлап тауып ұсынатындарына қатты қуанышты. Бұл біздің қорға қайырымдылықтың рухын және Қазақстандағы мейірімді істерді көтеруге үлкен көмегін көрсетеді».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/938-news-kz#sigFreeId9cc8bc068b