Бүгін Тұңғыш Президент Саябағында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Британ-Қазақ Қоғамы (British-KazakhSociety, BKS) ұйымдастырған 10 км қашықтыққа дәстүрлі қайырымдылық жарысы өтті. Қайырымдылық BKS жарыстарының тарихы көп жылдық. Жарыстар Астанада, Алматыда және Лондонда өтуде. Жарыстың демеушісі дәстүрлі түрде «Эйр Астана» әуекомпаниясы болды. Қайырымдылық жобасына сондай-ақ ASU сауда маркасы бар RG Brands компаниясы, Спорттық жекпе-жек және спорттың күрес түрлері конфедерациясы, WorldClass фитнес-клубы, Еуразия скандинавиялық жүріс мектебі, SWEETS кондитер ұйымы және Palladium мейрамханалар кешені қолдау көрсетті. Ақпараттық әріптестері –NE.FM радиосы және ELLE журналы.
Жүгіру жарысының қорытындысы бойынша 2 133 846 теңге жиналды, бұл ақша «Көздің көруін қорғау бөлмесі» жобасының шеңберінде көзі нашар көретін және сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған Алматы қаласының № 124 арнайы (оңалту) бөбектер бақшасында көз дәрігерінің бөлмесін жабдықтауға жұмсалатын болады. Бұл балалар мекемесінде 90 бала тәрбиеленіп, оқиды, олардың ішінде 45 бала – сөз сөйлеу қабілеті өте нашар және 45 бала – көз көру дәрежесі әр түрлі деңгейде бұзылған: мүлдем көрмейтін (соқыр) балалар, көзі нашар көретін балалар және амблиопиясы мен қыли көзі бар балалар. Балалар бақшасында балалар қарқынды кешенді емдеуді және оңалту-тәрбие көмегін алады, сондықтан олар көздің көруін қорғау бөлмесіне ерекше мұқтаж, оның құны 1 474 000 теңгені құрайды.
Алматыдағы жүгіру жарысына 114 адам тіркелді, оның 47-сі ғана жүгіруге тікелей қатысты. Біздің ойымызша, мұндай төмен қатысудың себебі 2 фактор болды: біріншісі –жүгіру алдындағы жаттығуға толық қатысу үшін таңертеңгі сағат жетіде келу керек болды, ал екіншісі - бұлт торлаған аспан көптеген әлеуетті жүйріктерді суық жаңбырмен үркітті. Айтпақшы, жаңбыр марапаттау рәсімі кезінде ғана, яғни шын мәнінде іс-шараның аяғында ғана басталды.
Биыл қайырымдылық BKS жүгіруді Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі Доктор Кэролин Браун ашты. Бұдан басқа, белгілі қазақстандық спортшылар – Расул Калиев, Даниял Гаджиев, Назым Қызайбай, АсхатЖиткеев, Мариан Урдабаева, Гүлжан Исанова, Феруза Ергешова, Татьяна Капустина, Михаил Макеев, Демеу Жадыраев, Дәурен Жұмағазиев және Асхат Дильмухамедов дәстүрлі қонақтар болды. Қазақстан спортының әйгілі өкілдері барлық ниет білдірген жүйріктермен және жанкүйерлермен фото және автограф-сессиялар өткізді.
Ерлер арасында жүлделі орындарға тиісінше бірінші, екінші және үшінші орын алған Алексей Сидоренко, Дәурен Жартыбаев және Мэттью Эстон ие болды. Әйелдердің арасында Назира Әлисұлтанова жеңімпаз атанды, екінші орынға Альфия Дильмухамедова ие болды және үшінші жүлделі орынды Диана Валиулина алды. Жеңімпаздарға арналған басты жүлде «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез келген бағыттағы ұшуға арналған сертификаты болды. Екінші орындарға өзінің туған күніне Sweets кондитерлік ұйымында торт дайындауға арналған сертификаттар, сондай-ақ марафонға арналған тағам жиынтығы берілді. Үшінші орын иегерлері сыйлыққа Лондон метрополитенінің нышаны бар кружка алды. Әйелдер ELLE журналына жылдық жазылым ретінде жағымды бонус алды. Жүгіру жарысына қатысушылардың барлығы іс-шараның футболкасы мен кәдесый өнімін алды.
Біз қайырымдылық BKS жарысының барлық қатысушыларына және жанкүйерлеріне алғыс білдіреміз!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/951-news-kz#sigFreeId314b210952