Бүгін, №1 Балалар үйінде, қорымыз тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін, балалар моншасы ашылды. 15 жылдан бері жөндеу жұмыстары өткізілмеген бұл ғимаратты, қорымыз күрделі жөндеуден өткізді. Жаңа сантехника, сапалы кафель, жуынатын және душ бөлмелерінің барлық керек-жарақтары балалармен қатар, балалар үйінің қызметкерлерін де қуантып тастады. Моншаның ашылу салтанатына, балалар мен тәрбиешілер, тазалық мейрамының бірден бір нышаны болып табылатын- Мойдодырмен бірге кішігірім көрсетілім дайындаған екен. №1 Балалар үйінің директоры Зияда Нағашыбай қызы: «Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тамақтанудан кейін, ең маңызды мәселе гигиена екендігін айтып өтті».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1007-news-kz#sigFreeId9d159e113d