Наурыз бен 7 сәуір аралығында «Алматы», «Intercontinental»,«Hyatt Regency», «Rixos», «Astana» қонақүйлерінде балалар жасаған бұйымдардың жәрмеңкесі өткізілді. №1 және №2 қалалық балалар үйі, №1 облыстық балалар үйі және №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан балғындарымыз, аталмыш жәрмеңкеге осы жылдың қаңтар айынан бастап дайындалып, «АЯЛА» қоры алып берген құрал-жабдық пен материалдардан алуан түрлі бұйымдар дайындады. Ол: ұлттық нақыштағы базарлықтар, суреттер, қойын дәптерлері, көрпешелер, әшекейленген өрнектер және ағаштан жасалған бұйымдар. Жәрмеңке нәтижесінде 300 мыңнан астам қаражат жиналды. Барлық балалар мекемелерінде, ең жақсы және ең әдемі бұйымдар жасаған жеңімпаздар анықталды. «АЯЛА» қоры, жәрмеңке жеңімпаздарын- отанымыздың бас қаласы-Астанаға екі күндік саяхат жолдамасымен марапаттайды. Дәл осындай жәрмеңке, биылғы жылдың қазан айында, бүкіләлемдік балалар күнімен сабақтастырылып өткізілуі жоспарланып отыр.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1009-news-kz#sigFreeIdc6f7442a17