«Албана» ЖШС қамқорлығымыздағы балаларды тәтті және де пайдалы сыйлықтармен қуантуын жалғастыруда. 4 шілде күні, №1, №2 балалар үйінің, №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қатар, №2 балалар шипажайында денсаулықтарын түзетіп жатқан балалар, дастархандарында патша банандары пайда болды. Жалпы алғанда, банан ағашының балғын және хош иісті жемістері 340 килограмм салмағында әкелінді. «Албана» ЖШС балаларды дәруменді сыйлықтарымен бірнеше рет қуантты. Осылайша, қорымыздың тұрақты серіктесіне айналды. «Албана» ЖШС-тің директоры Владимир Петрович Мариуца, қайырымдылықты қайырымдылық қорларының көмегімен жүзеге асырудың тиімді әрі дұрыс екендігінің байыбына барды. Балалар денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсететін қайырымдылық қорлары, қай жерге қандай көмек қажет екенін жақсы білгендіктен, іскер азаматтар қайырымдылық көмегін беретін мекемелерді өз бетінше іздеп, уақыты мен күшін босқа жұмсамайды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық тәрбиеленушілеріміздің атынан Владимир Петровичке деген алғысымызды білдіргіміз келеді. Серіктестігіміз әлі де өз жалғасын табады деген үміттеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1126-news-kz#sigFreeId2dac705e5d