Бүгін Алматыдағы № 1 облыстық балалар үйінде әлеуметтік бағдарлану бөлмесі пайда болды. Енді балалар ас әзірлеуді – бәліш пісіруді, сорпа қайнатуды, манты, бауырсақ, бесбармақ сияқты ұлттық тағамдар әзірлеуді үйренеді. Сонымен бірге, олар дастарханға ыдыс-ақ орналастыру өнерін, асүйді және пәтерді таза ұстауды, заманауи тұрмыстық техниканы пайдалануды үйрене алады. Мұндай дағдыларды меңгеру балаларға барынша дербес болуға жәрдемдеседі.
Assorti бөлген қаражатқа «АЯЛА» қайырымдылық қоры асүй жиһазын, ас пісіретін пешті, ыдыс-аяқ және тұрмыстық заттарды сатып алды. Жалпы құны – 1 млн. теңге. Samsung Electronics компаниясы балалар үйіне кір жуу машинасынан, ас пісіретін шкафтан, шағын толқынды пештен, тоңазытқыш пен шаңсорғыштан тұратын тұрмыстық техника жиынтығын тапсырды.
Бөлме қызыл лента қиылып, «шашу» дәстүрімен және ду қол шапалақтау арқылы ашылды. Одан кейін ең қызығы басталды. Балалар екі командаға бөлінді. Содан соң Assorti мейрамханалар желісі шеф-аспаздарының басшылық етуімен тағам әзірлеуге кірісті. Алексей Таран балалардың бефстроганға арналған ет пен саңырауқұлақтарды қалай турағанын бақылап тұрды, ал Лариса Жмакина мен Наталья Грабовецкая балалардың жаңғақ қосылған тарталеткалар пісіріп, жеміс-жидек салатын қалай жасап тұрғанын қадағалап тұрды. Асүйдегі жұмыс тура және ауыспалы мағынасында қайнап тұрған сәтте басқа тәрбиеленушілер осы іс-шараға арнайы дайындаған өлеңдерін оқыды. Ас әзірлеу сайысының бүкіл қызықты сәттерін журналистер бақылады, олар қазылар алқасы болуға да келісімін берді. Сайыс аяқталғаннан кейін қатысушылар мен қонақтар дайындалған тағамдардан ауыз тиді. Астың дәмін көргеннен кейін нәтижелері жария етілді. Әрине, достық жеңіске жетті!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1389-news-kz#sigFreeIdd1d3f53bee