Бүгін Жаңа жылдық ертегі № 1 Алматы облыстық балалар үйіне келді. Балалар Аяз Ата мен оның немересі Ақшақардың келуін таңертеңнен бастап күтті. Басқа балалар сияқты балалар үйінің тәрбиеленушілері де «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Аяз Атаға хат» акциясының қатысушылары болды. Тілектердің тізімінде басқару пульті бар машинка және сөйлейтін қуыршақ көшбасшы орында болды. Энциклопедиялық сипаттағы кітаптар және ертегілер алуды армандаған балалар да болды. Нәтижесінде әрбір бала назардан тыс қалмады. Көтеріңкі көңіл-күйге, тәтті тағамдарға және сыйлықтарға кепілдік берілді.
Жобаға барлығы облыстық балалар үйінің 73 тәрбиеленушісі қатысты. Дәл осы күні балалар өздерінің достары – мекеменің тәрбиеленушісі Раиса Латышеваның туған күнін атап өтті. «Аяз Атаға хат» акциясының шеңберінде балалар тілектері айтылған хаттарды жазды. Бұл хаттармен біз жаңажылдық шыршаларды безендірдік. Жасыл шыршаларды «АЯЛА» қоры «Аяз Атаға хат» жобасына қатысуға ниет білдірген компаниялардың түрлі алаңдарында және кеңселерінде орнатты. Біздің әріптестеріміз және демеушілерімізге алғыс білдіреміз: «Шеврон», «Орифлэйм», Samsung Electronics Central Eurasia, Saks Fifth Avenue, Қазақстан Халық банкі, «АЗС Трэйд», «Viled Астана»,AB Restaurants, «Керуен» СОО. Барлығы осы жылғы акцияға Алматы мен Астанадан 481 бала қатысты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1404-news-kz#sigFreeId972fcf4f50