Белгілі театр және кино актрисасы Алматыда «Уақыт оздыру» атты творчестволық сырласу кешін өткізіп, сондай-ақ № 1 облыстық балалар үйінің балаларымен кездесті. Ресейден келген қонақты балалар асқан сый-сияпатпен қарсы алды. Ең кішкентай балалар өздерінің сүйікті биін билеп берді. Содан кейін сырласуға орын берілді.
Елу шақты ұл мен қыз танымал актрисаға сұрақ қоюға асықты. Балаларды театрдағы жұмыс, кинодағы түсірілімдер және актрисаның жеке өмірі де қызықтырды. Қонағымыздың айтуынша, оның өмірі үш киттің үстінде тұр – отбасы, творчество және қайырымдылық. Оның қызметінде театр айрықша орынға ие. Театрда ол өзін толыққанды суретші ретінде сезіне алады. Актриса сондай-ақ өзінің «Өмірді сыйла» атты қоры туралы да айтып берді, ол қор онкогематологиялық және өзге де ауыр науқасы бар балаларға көмектеседі. Хаматова қыздарының актриса болғанын қаламайды. Алайда оларға мамандық таңдауға кедергі келтірмейді.
Ресейлік қонақпен мейлінше араласып, әрбір бала оның қолтаңбасын алды. Кездесуді ұйымдастырғаны үшін Динара Амангелдинаға және ArtVisit агенттігіне ерекше алғыс білдіреміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1504-news-kz#sigFreeId3c5e60304f