Алматы облыстық № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері болашақта ағаш ұстасы, шаштараз, визажист, тігінші және маникюр шебері бола алады. Халықаралық құшақ жаю күні мекемеде үш толыққанды шеберхана ашылды: ағаш ұстасы шеберханасы, тігін шеберханасы және шаштараз бөлмесі.
Балалар қонақтарды қарсы алды. Олар өлеңдер оқып, би билеп берді. Содан соң ежелгі қазақ дәстүрі «шашумен» қатар қызыл лентаны салтанатты түрде кесу рәсімі өтті. Кіріспе бөліктен кейін барлығы шеберханаларды өз көзімен көруге мүмкіндік алды. Балалар өздерінің творчестволық қабілеттерін тігуде, ұлдар ағаш шеберханасында көрсетті, ал шаштараз бөлмесіне тұтас бір кезек болды. Қалауы бойынша шаштарын кестіріп, макияж жасатты. Бөлмелерге шаштаразға арналған тумбалар, тігін машинкалары, лактар, бояулар, электр құралдары, маникюр үстелі мен жиынтықтары және басқа да көптеген жабдық сатып алынғанын атап өтеміз. Сатып алынған жабдықтың құны 1 168 690 теңге болды. Жобаның демеушісі «Орифлэйм» компаниясы болды.
Шеберханалар «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Шебер қолдар» жобасының шеңберінде ашылды. Жоба 2013 жылғы ақпаннан бастап іске асырылады. Бұл кезең ішінде демеушілік қолдаудың арқасында қор Алматы, Астана, Ерейментау, Көкшетау және Есік қалаларындағы оннан астам балалар білім беру мекемелерінде ағаш және тігін шеберханаларын жабдықтады. «Шебер қолдар» жобасының мақсаты – балалар үйлерінің және мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне мамандықтың қыр-сырын меңгертіп, дербес жұмыс дағдыларына үйретуге мүмкіндік беру.
Таяу уақытта жобаның шеңберінде «мамандықтар бөлмесіне» арналған жабдықты № 1 облыстық балалар үйінен басқа, Алматыдағы № 1 мектеп-интернат, № 1 балалар үйі және Көкшетаудағы № 2 интернат алады. Барлық шеберханаларға қаражатты «Орифлэйм» компаниясы бөлді. Жалпы құны
– 3 529 191 теңге.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1582-news-kz#sigFreeId4ef31de488