Бүгін Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда NIKA би студиясы мен «Тансари» мюзик-шоу театрының есепті концерті өтті. Бұл балалық ұжымдардың әр түрлі қайырымдылық шараларға белсеңді қатысып жүргендеріне талай ауқыт болды. Концертке №1 мен №2 балалар үйлерінің тәрбиеленушілері шақырылған болатын. NIKA би мектебінің директоры біздің қорға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін сабақтар ұйымдастыруды ұсынып келді. «АЯЛА» қорының балалар үйіне көмектесудің ерекше формасына кіріскеніне бірталай болған.
Мемлекет балалар үйлерін барлық қажеттілермен толық қамтамасыз ететінін, біз әлдеқалай түсінгенбіз, ал біздің қор болса, балаларға өздерінің орындарын табуға көмектесуге тырысуда. Біз балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді кәсіптікке бейімделуге бағытталған неше түрлі шараларды өткіздік те, өтізіп жатырмыз да. Біздің еркіншілер балалармен ең әр түрлі салаларда жұмыс істеп жүр – спорт секцияларынан бастап тіл курстарына дейін. Тура қарсаңында мектеп жетекшісі Алла Сергеевна осы балалар үйлеріне барып, тәрбиеленушілердің арасында өзінің мектебіне ерекше кастинг өткізіп шықты. Мектепке қатысу үшін дарынды балалар таңдалып алынды, енді, олар би мектебінде төлем ақысыз шұғылданады. NIKA мектебіндегі сабақтар балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін болашақ мамандыққа жол болуы мүмкін.
Филармонияда болған концерт жоғары деңгейде өтті, бишілердің әр түсті костюмдері мен «Тансари» топ қатысушыларының сыңғырлаған дауыстары көрермендерді бей-жай емес қалдырған жоқ. Біз болсақ, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшілігіне біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне дайындаған сыйлықтары үшін жеке алғысымызды айтамыз. Балалар сыйлыққа көп санда қызық кітаптар алды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1597-news-kz#sigFreeId1600a27ebd