«Мейірімді істер жасайық» жобасы шектеуінде біз өзіміздің, мектеп-интернаттар мен балалық үйлердегі біздің қамқорымыздағылармен біздің өткізіп жүрген және өткізуге жоспарлап отырған мерекелер күнтізбемізді жасадық. Жақын арада Астанада «АЯЛА» қорының өкілі Ксения Филимонова жұмысын бастады. Міне, ол өткізген мерекелік шара туралы бізге былай жазыпты: «Халықаралық мерекелер күнтізбесіне сәйкес, Дүниежүзілік мультфильмдер күні 6 сәуірде өтеді, бірақ, «АЯЛА» қоры «Арман» кинотеатр әкімшілігімен бірлесе, бұл мерекені кішкене кейін өткізуді шешті де, оны мамырлық мерекелерге, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне ұштастыруды шешті. Біз Астана қаласындағы балалық үйдің 44 тәрбиеленушілерін «Печать царя Соломона» мультфильм сеансына шақырдық. Әр бала «кинолық» жиынтығын алды: дәмді поп-корн мен сусын. Және балалардың тәрбиешілері де назарсыз қалған жоқ.
Көріністен кейін біз балалармен бірге мультфильмді және оның бас кейіпкерлерін талқыға салдық. Балалар «Рахмет! Бізге ұнады!» деген жалпы сөздермен өз пікірлерін айтып жатты.»
Белгілеп кеткіміз келіп отыр, «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Мейірімді істер жасайық» жобасы қордың миссиясын атқаруға бағытталған – біздің еліміздегі қайырымдылықтың дәстүрін дамытуға.
Болашақта осындай шамалы бюджеттік жобалар қатысушыларды мүмкінінше көбірек тартса екен, тек бизнесмендерді емес, мейірімді жүректері бар жай адамдарды да!»
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1656-news-kz#sigFreeId1958230026