27-05-2013 Күлкі күні - 2013

Күлкі күні – ол, Алматы қаласында орналасқан барлық балалық үйлердің тәрбиеленушілері...

Күлкі күні – ол, Алматы қаласында орналасқан барлық балалық үйлердің тәрбиеленушілері үшін оқу жылының аяғына ұштастырған мереке. Бұл мерекені ойлап тауып, ұйымдастырған, және 5 жыл бойы өткізіп келе жатқан «АЯЛА» мен «ДАРА» қайырымдылық қорлары.

Оқу жылының аяғында оқушылар ылғи кернеулі оқу жылынан шаршағандықты сезеді, сондықтан, бұл мереке осы кернеудің мәселесін шешуге бағытталған. Биыл Күлкі күні өзінің алғашқы мерейін – мерекелеудің 5-жылдығын атап отыр. Айтуға жағымды жағдай, «АЯЛА» қайырымдылық қорының достар Клубы, сауық «Алматы қиял әлемі» паркінің әкімшілігі, біздің қаланың озат мейрамханалары, қазақ эстрадасының әртістері және дәстүрлі етіп қалыптасқан мерекенің көптеген демеушілері өзгеріссіз қолдап отырады.

2013 жылдың 27 мамырында «АЯЛА» мен «ДАРА» қайырымдылық қорлары мерекені қалалық балалық №1, №2 үйлерінің, мамандандырылған «Жанұя» кешенінің, жетім балаларға арналған №8 мектеп-интернатының және облыстық балалық №1 үйінің 600–ден астам тәрбиеленушілері үшін өткізді. Мерекені өткізу күндері біздің қалаға Өскемен қаласындағы балалық үйдің тәрбиеленушілері келді. Бұл балалар бірінші рет «Күлкі күні» мерекесінде болып шықты. Мереке өзінің барлығының 5 жыл арасында біздің елдегі қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін қалыптастырудың кезекті кезеңі болып табылып отыр.

 «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары өздерінің әрекеттерінде, дәстүрлі түрде, тиімді қайырымдылық принципін ұстайды. Біздің балалық үйлерінің тәрбиеленушілерін тамақ пен киім түріндегі сыйлықтармен тойдырып жібергіміз келмейді. Бағымызға орай, біздің мемлекетіміз неше түрлі себеп күшімен ата-аналарының қамқорларынан айрылып қалған балалардың осындай керектіктерін толық өлшемде қамтамасыз етеді. «Күлкі күні» мерекесі балалық үйлер тәрбиеленушілері үшін де, осы әлеуметтік мекемелерінің қызметкерлері үшін де көп күткен шара болып табылады..

Біздің эстрада жұлдыздарымыз қатысқан концерт, аттракциондар және барлық мерекеге қатысқандар үшін жайылған дастархан – барлығы үшін маңызды оқиға. Балалық үйлердің қызметкерлері бірнеше рет айтқан болатын, балалар осы мерекені күтіп отырады, ал, тәрбиешілер үшін Күлкі күні – демалысқа қосымша күн, себебі, бұл мерекеден кейін балалар «аяқтарының қайда қалғанын білмей» ұйықтайды.

Мерекенің бюджеті 1 455 000 теңгені құрады, мерекенің бас демеушісі Қазақстан Халық банкі болып шықты. Биыл мерекеге тағы  Al-Saga, ФудМастер-АйсКрим компаниялары, промоутерлер тобы «ENERGY NATION» қолдау жасады, ал, RG Brands компаниясы чипсылар мен ішімдіктер ұсынды, жеміс-жидек-дәрменкі тағамдарды – Көк базар әкімшілігі.

Мерекенің қонақтарына арналған концертке қазақ эстрадасының жас жұлдыздары Медеу Арынбаев, Орда тобы, HarmonicBliss, Марсель және NIKA би мектебінің ұжымы қатысты. Бүкіл мерекелік шоудың ауыспайтын жүргізушісі Александр Шумский. Бесінші Күлкі мерейлі күнді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Болатович Ағынбаев ашты. Педагогтар мен оқушыларды мерекелерімен «Қазақстан Халық банкінің» АҚ Басқармасының Төраға орынбасары Станислав Сергеевич Кособлоков құттықтап өтті.   

Мерекені ұйымдастырушыларының біреуі, «ДАРА» қайырымдылық қор президенті Әсель Избасарова белгілегендей: «Бұл мерекенің біздің қаладағы қайырымдылықтың маңызды дәстүрі болып қалыптасқанын мақтаныш етеміз».

 «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов былай деп белгіледі: «Өткен 5 жыл арасында Күлкі күні қайырымдылықтық таңбасына айналды. Балалық үйлердің тәрбиеленушілеріне көрсетілген көмектер мерекені ұйымдастырушылар үшін мейірімді бір дәстүр болып қалыптасты. Біздің шараларға бүкаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен мемлекеттік құрылымның қызметкерлері қатысқан кездері, біз үшін ылғи үлкен қуаныш. Одан басқа тағы да, балалық үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекеге – Күлкі күніне қатысқылары келетін демеушілерден қашанда болса қандайда болса, көмекті қабылдаймыз».

 Барлық фотосүреттерді жүктеп