Ең нәзік және жарқын мереке – 8 наурыз жақындап келеді. Көктемнің және «Әйелдер күнінің» қарсаңында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қалалық балалар психоневрологиялық интернат-үйдің күтуші әйелдерін құттықтады. Мекеменің қызметкерлеріне ақшалай сыйлықақы және әрине, гүлдер берілді. Барлығы – 49 сыйлық. Оның демеушісі жеке тұлға болды. Жобаның бюджеті 560 000 теңгені құрады.
Бүгінгі күні интернат-үйде психикалық және дене ауытқулары бар, 5 – 20 жас аралығындағы 150 бала тұрады. Олардың диагноздары әр түрлі – тірек-қозғалыс аппараты аурулары, ақыл-ойы кем және психоневрологиялық аурулар, сал ауруы. Негізінен, бұл балалардың бәрінен ата-анасы бас тартқан. Кейбір тәрбиеленушілерге тәулік бойы күтім қажет. Мұндай жұмыс балалармен уақытының басым бөлігін өткізетін күтуші әйелдерден ерекше күтім мен қамқорды талап етеді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық әйелдерді тамаша көктемгі мерекесімен құттықтайды. Балаларда, сол сияқты ересек адамдарда да қуанышты себептер көбірек болсын деп тілейміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1772-news-kz#sigFreeIda86ff95f22