Біздің қорымыз«Игі істерді жасайық (4D)» жобасын жалғастыруда. Біз кезекті рет Дүниежүзілік кітапханалар күнін атап өттік. М. Бегалин атындағы балалар кітапханасында өткен интерактивті сабаққа біз «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 1 – 5 сыныптарының 30 оқушысын шақырдық. Кітапхана қызметкерлері өздерінің миссиясы - кітап оқуды насихаттауға және кітап оқуға деген сүйіспеншілікке асқан жауапкершілікпен қарайды. Өткен жылмен салыстырғанда кітапханадағы ашық сабақ бағдарламасы айтарлықтай өзгерді. Балалар үлкен қызығушылықпен көптеген жаңалықтарды білді және өздері де интерактивті сабаққа белсене қатысты. Кітапхана барлық балаға біржолғы оқырман билеттерін тапсырды. Біздің қорымыз балаларға кітаптар және пазлдар сыйлады, сондай-ақ кітапхана қорына түрлі тақырыптарға арналған энциклопедиялар тапсырды. Біз кітапханада сабақ өткізу және біздің ынтымақтастығымыздың жақсы дәстүрге айналғанына қуаныштымыз. Осы М. Бегалин атындағы кітапхананың биылғы жылы жаздың басында Батпырауықтар фестиваліне дайындалуға және оны өткізуге көмектескенін атап өткен жөн.
Кітапханадағы бүгінгі сабақтың бюджеті 50 000 теңгені құрады. Бұл ақшаны біз балаларға және кітапханаға кітаптар сатып алуға жұмсадық. Біз адамдардың «4D» жобасының көп күш-жігерді талап етпейтінін және немқұрайлы қарамайтын адамдардың шағын ғана тобының қалтасына сай екендігіне сенуі үшін бюджетімізді арнайы көрсетіп отырмыз. Ал біздің жобаларымыз көп және қайырымдылыққа қатысқысы келетін әрбір ниеттенген адам «АЯЛА» қайырымдылық қорына өтініш жасауына болады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2111-news-kz#sigFreeIdd36e539d62