№ 1 Алматы облыстық балалар үйінде «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Болашағың өз қолыңда!» атты жаңа жобасы басталды. Ол балаларға арналған әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілерінде заңгерлік сауаттылықты қалыптастыруға және кәсіпкерлік психологияның бастапқы дағдыларын үйренуге бағытталған.
Мекеме түлектеріне алдағы екі айда бірнеше тақырып ұсынылатын болады. Дағдыланған заңгер Бибігүл Айтөкенова кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, еңбек құқығы, өз бизнесін ашу негіздері туралы айтып береді. Психолог Назгүл Қалиева және өз ісін «нөлден» бастап ашу жөніндегі сарапшы Ғалым Жуқупбаев жасөспірімдерді бастапқы капиталсыз және қомақты инвестицияларсыз өз бизнесін жасау үлгілерімен таныстырады.
Бірінші сабақта оқушылар мен ұстаздар кәмелетке толмаған жастардың құқықтары мен жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Балалар бұл тақырыпқа бей-жай қараған жоқ. Талқылауға қатысқан әрбір бала өз пікірін білдірді.
Кәсіпкерлік іс бойынша сабақтардың екі бөлікке бөлінетінін атап өтеміз: теориялық және практикалық. Жасөспірімдер өздерінің бизнес-жоспарын әзірлей алады. Ал үздік жобаның авторы бағалы сыйлықпен марапатталады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2132-news-kz#sigFreeId31fcd63b1d