Бір сағат бойы үзіліссіз әңгіме. Тыңдаушылар рөлінде – «SOS балалар ауылы» мекемесінің алматылық тәрбиеленушілері. Шақырылған қонақтың рөлінде – Қазақстанның танымал балалар жазушысы Тоня Шипулина. Оның кітаптары сатуға түскеннен кейін бірден сатылып кетеді. Тоняның туындыларына жеңіл сөз оралымдары, ерекше кейіпкерлер, қиял-ғажайып оқиғалар тән. «Тұман елінің мыстаны» кітабы кішкентай оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды. Дәл осы кітапты жазушы «SOS балалар ауылында» таныстырып берді.
Балалар кітаптың қалай пайда болатыны, оны жазған кезде қандай адамдардың қатысатыны туралы әңгімені тыңдады. Содан кейін балалар өз сұрақтарын қойды. Балалардың бәрінен де қиял-ғажайып әңгімелерді (фантастиканы) жақсы көретіні анықталды. Кездесу аяқталғаннан кейін «АЯЛА» қайырымдылық қоры әрбір балаға Тоня Шипулинаның авторлық қолтаңбасы бар кітапты тапсырды. Кітап даналарының құны – 24 752 теңге. Барлығы 13 кітап сыйға берілді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2191-news-kz#sigFreeId60f4bcf559