Керемет көңіл-күй және күлімсіреген балалар! Күлімсіреу күні алматылық балалар үшін осындай күйде есте қалады. Мамырдың соңғы жұмасында оңтүстік астананың және Талғардың балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «Алматы Қиял-ғажайып әлемі» саябағында тамаша көңіл көтерді. Өте қызықты аттракциондар, тәтті ланчтар және әрине, балмұздақ! Бұл күні барлық жерде балалар күлкісі естілді.
Іс-шараға барлығы 559 бала қатысты. Олар - №1, №2 қалалық балалар үйлерінің, «Жанұя» мамандандырылған кешенінің, №1 облыстық балалар үйінің, Алматы SOS балалар ауылының, Талғар қаласының отбасылық үлгідегі «Нұр» және «Кеме» (Ковчег) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері.
Бұл мерекені «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары тоғызыншы жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Жыл сайын мерекені тойлау күні де, Күлімсіреу күні іс-шарасын жүргізуші де өзгеріссіз қалады. Александр Шумский балаларды әрдайым көңілді ойындарға тартып, көңіл-күйлерін көтере біледі. Бұдан басқа, биыл іс-шараны ұйымдастыруға LVMH Perfumes&Cosmetics, Starbucks, Green Bus компаниялары, сондай-ақ жеке демеушілер қолдау көрсетті.
«Күлімсіреу күні» әр түрлі себеппен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қарбалас оқу жылының аяқталуын және көптен бері күткен жазғы демалыстың басталуын паш етеді. Бұл күні ауа-райы синоптиктердің барлық болжамына қарамастан, жылы болғанын және жаңбыр жаумағанын атап өту керек.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2192-news-kz#sigFreeIda6a40caad4