Жүздеген ұлттық тағамдар және киімдер, әртістердің өнер көрсетуі, сусындардың дәмін көру және тағы басқасы. Халықаралық күні Алматы Халықаралық Мектебінің оқушыларына, олардың ата-аналарына және қарапайым қонақтарға да өте қызықты болды. Мерекеге 40 елдің өкілдері қатысты. Олардың барлығы да бұл күні өздерінің дәстүрлері мен мәдениеті туралы әңгімелеп берді.
Мереке барысында әрбір адам қалауынша «АЯЛА» қорының №2 Алматы балалар үйіндегі «Шебер қолдар» және «Дені саудың – жаны сау» атты қайырымдылық жобаларын іске асыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды. Мекемеде 76 бала тәрбиеленуде. Балалар мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы үшін ұстаздар оларды еңбек дағдыларына үйретеді. Ол үшін қыздардың тігін шеберханасын қажетті жабдықпен жабдықтау қажет. Жобаның жалпы құны: 321500 теңге. Сонымен бірге, балалар үйі үшін үстел үстіне қоятын және спорттық ойын жиынтықтарын, велотренажер, швед қабырғасын және көптеген басқа жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Жабдықтың жалпы құны: 356 100 теңге.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2197-news-kz#sigFreeId9d6f19e1ce