Балалар ең романтикалық мамандық туралы мамандардың аузынан естіді. «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсеріктері Астана SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесуді «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Спартак Мұхаметжанов пен Ботагөз Әлімжанова екі сағат бойы әуедегі жұмыстары туралы қызықты әңгімелер айтты. Балалар лайнер бортында өздерін қалай ұстау қажеттілігі, алғашқы медициналық көмекті қалай көрсетуге болатыны туралы, әуе жолсерігі болу үшін қандай қабілеттерге ие болу қажеттілігі және бортта жарылғыш зат анықталған жағдайда іс-әрекет туралы және басқа да көптеген жағдайлар туралы білді. Бір күні олар өздерінің білімін іс жүзінде пайдаланып, егде әйелдің өмірін құтқарып қалды. Сонымен бірге қонақтар өмірдегі қызықты оқиғаларымен де бөлісті. Әуе жолсеріктерінің өздерінің ырымдары бар екендігі анықталды. Мысалы, ұшар алдында түймені тігуге болмайды. Спартак пен Ботагөз балаларға тілдерді үйренуге кеңес берді. Әуеде жұмыс істеу үшін оларға кемінде үш тіл: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу қажет болады.
Балалармен әңгімелескеннен кейін қыздар үшін макияж жасау үлгісі көрсетілді. Шеберлік класын визаж маманы Бибінұр Әппақова жүргізді. Одан кейін барлық қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды. Қыздар үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясы косметикалық жиынтықтар ұсынды. Ұлдарға футбол доптарын сыйға тартты. Кездесу фотосессиямен аяқталды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2198-news-kz#sigFreeIdab5cda9db5