Біздің қамқорлығымыздағы балалар батпырауықтарды ұшырды. «Алматы SOS балалар ауылының» балалары Халықаралық жел күнін атап өтті. Оларға ынтымағы жарасқан Burger King командасы көмектесті. Батпырауықтарды ұшыру үшін «АЯЛА» қоры ең жақсы алаңдардың бірі – Қапшағай су қоймасы жағалауының аумағында орналасқан Home Club элиталық демалыс аймағын таңдады. Бұл жерде балаларға бәріне де: суға түсуге, күнге қыздырынуға, ойнап-күлуге рұқсат етілді. Барлық тағам да демалыс аймағының есебінен төленді. Бұл күні ауа-райы да керемет болды. Нәтижесінде балалар үйлеріне мәз болып тарасты. Мерекеге балалар ауылының 22 тәрбиеленушісі келді.
Мереке бюджеті 125 720 теңгені құрады. Бұл соманы іс-шараны ұйымдастыру үшін Burger King компаниясы аударды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2245-news-kz#sigFreeId09989cb556