Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы балалар үйінде сенсорлық бөлме ашылды! Осындай қуанышты оқиғаға ұстаздар, балалар және, әрине, біздің өкіліміз Ксения Филимонова қатысты. Қажетті жабдыққа қаражатты «АЯЛА» қоры Астанадағы қайырымдылық марафоны барысында жинады. Бізді АТФ Банк, Қамқор Менеджмент және Автогаз Трэйд қолдады. Сенсорлық бөлменің құны 2 450 600 теңгені құрады.
Жылдың спорттық оқиғасы қыркүйектің басында өткенін еске сала кетейік. Оған 25 елден 4000 адам қатысты. Марафоншылардың қатарында – премьер-министр Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Александр Винокуров және Серік Сәпиев бар.
Астана марафон – One Steppe Ahead компаниясы өткізетін жыл сайынғы іс-шара. «АЯЛА» қайырымдылық қоры кезекті рет марафон бенефициарларының бірі болды.
Қазіргі уақытта Ақкөл қаласының балалар үйінде 4 – 17 жас аралығында 80 тәрбиеленуші тұрып жатқанын атап өтеміз. Ұстаздардың айтуынша, мұндай мекемеде сенсорлық бөлме өте қажет. Онда бала босаңсып, шиеленістен құтылып, сондай-ақ қолайлы жағдайларда психологпен сөйлесуге мүмкіндік алады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2341-news-kz#sigFreeId3ce5ca3767