Биыл «Шеврон» кеңсесінде ерекше Жаңа жылдың алдындағы көңіл-күй. Компания қызметкерлеріне аса маңызды және жауапты міндетті атқару – 61 баланың тілегін орындау қажет. Барлық балалар – Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері. Әрқайсысының бір жыл бойы өзінің арманы болды. Балалар бүкіл тілектерін қағазға жазып алып, хаттарын мерекелік конверттерге салып, «АЯЛА» қорының бірлігі жарасқан командасына тапсырды. Ал біз, өз кезегімізде, оларды «Шеврон» компаниясына тапсырдық.
Тілек білдірген сыйлықтардың тізімінде – ойыншықтар, кәсіби жиынтықтар, конструкторлар және басқа да көптеген заттар. Көптен бері күткен сыйлықтар балаларға ұл-қыздардың әндері мен билеріне ұласқан мерекелік іс-шара барысында тапсырылды. Кішкентай Санта-Клаустар, ғажайып Қар ұшқындары, әсем Ақшақарлар қол ұстасып, өнер көрсетті. «Шеврон» компаниясы «АЯЛА» қорының «Аяз Атаға хат» атты жобасына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Олардың айтуынша, жыл сайын оларға мереке жаңа сезім әрі тамаша көңіл-күй сыйлайды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2356-news-kz#sigFreeIde11e9bed04