Біздің қамқорлығымыздағы балалар демалыс күндерін белсенді түрде және пайдамен өткізеді! Осы жолы адреналиннің порциясын және көтеріңкі көңіл-күйді олар «Медеу» мұз айдынында алды. № 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері спортшылардың, құмарлық пен экстримге әуесқойлардың нағыз шоуын көрді. Алматыда мұздағы мотоцикл жарысы бойынша әлем біріншілігі болып өтті. Әсерлі көріністі 45 бала тамашалады.
Балалардың бұл қызықты іс-шарасын «АЯЛА» қоры және Асхат Темірбекұлы арқылы «Премиум холдинг» компаниясы ұйымдастырды. Балалардың айтуынша, олар осындай ауқымды спорттық оқиғаға алғаш рет қатысып отыр. Әрі бұл іс-шараның балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2467-news-rus#sigFreeIdada08d0b60