Танымды саяхат, қызықты кинокөрсетілім және ойын-сауық бағдарламасы! «SOS балалар ауылы Теміртау» және Ақкөл қ. № 1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері Балаларды қорғау күнінің қарсаңында республикамыздың астанасында көп тамаша әсерге бөленді. «АЯЛА» қорының командасы кішкентай қонақтардың Астана қаласына сапарын ұйымдастырды.
Әуелі балалар еліміздің Тұңғыш Президентінің Мұражайына барып, Елбасының жұмыс бөлмесін, түрлі елдер президенттерінің сыйлықтарын, күміс залды және т.б. көрді. Сонымен бірге балалар әйгілі отандық спортшылардың наградалары мен жеке заттары қойылған Қазақстанның олимпиада жеңімпаздарының көрмесін тамашалады.
Саяхаттан кейін 60 тәрбиеленуші «Керуен» СОО-ға келіп, Assorti мейрамханасының дастарқанынан дәм татты. KinoPark желісінің басшылығы балаларды «Қауырсын жамылған үшеу» («Трио в перьях») атты мультфильмге тегін кіргізді. Кішкентай көрермендер сондай-ақ Көкшетау «Қалалық сүт зауытының» тәтті балмұздағын жеді. Сонымен бірге оларға Happylon-да қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.
KFC мен Burger King іс-шараға қатысушы балалар үшін кешкі асты ұйымдастырды. Сый ретінде балалар «Меломан» компаниясынан әдемі кітаптар және «Аруна» баспа үйінен көркем безендірілген қазақстандық ертегі кітаптар алды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2528-news-kz#sigFreeId2324c7a3cb