Бүгін Лермонтов атындағы драма театрының алдында шаттанған және көңілді балалар. Асфальттың үстіне сан түрлі бояуы бар суреттер салынып жатыр. Олардың авторлары – осы жерге қаланың түрлі бұрышынан келген балалар, олар бір-бірімен танысып, бір-бірімен тату-тәтті қарым-қатынас жасауда. Жыл сайын Лермонтов атындағы драма театры Балаларды қорғау күні өзіне балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды және басқа да көптеген балаларды қонаққа шақырады. «АЯЛА» қоры театрмен көптен бері және тығыз ынтымақтастық жасауда, биыл біз басты балалар мерекесіне Алматы SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерін шақыруды ұйғардық. Тәрбиешілер және олардың қамқорлығындағы балалар біздің ұсынысымызды қуана қабылдады. Олар асфальтқа сурет салып, конкурстарға қатысты, содан кейін барлық балалармен бірге «Василиса Сұлу» («Василиса Прекрасная») спектаклін тамашалады. Олар үшін бұл күн ең жарқын және ұмытылмас әсер сыйлаған күн ретінде есте қалды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2529-news-kz#sigFreeIdfabd7da775