«Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері Халықаралық мектеп кітапханалары күнін С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында өткізді. 1 – 4 сыныптардың 25 оқушысы үшін білім беру мекемесі бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама дайындалды. Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болды: олар Жалмауыз кемпірдің дуасын алуға және кітаптарды құтқарып қалуға тырысты, жұмбақтар шешті, биледі. Ұлдар мен қыздар Жалмауыз кемпірге кітаптардың құндылығы туралы және кітаптың – білім көзі екендігі туралы айтып берді. Балалар жақсы әсер алып, үйлеріне қайтты.
Халықаралық мектеп кітапханалары күнінің әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын қазанның төртінші дүйсенбісінде аталып өтетінін еске сала кетейік. Мұндай дәстүр 1999 жылы ЮНЕСКО бастамасымен жасалды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2680-news-kz#sigFreeId475a745ff7