Ақкөл қаласының және Ақмола облысының Урюпинка ауылының балалар үйлерінің 95 тәрбиеленушісі мен тәрбиешісі Спидвей бойынша әлем чемпионаты финалының бірінші кезеңіне қатысты. Чемпионатқа қатысушыларды және жанкүйерлерді «Алау» Мұз сарайы қарсы алды. Екі күн бойы – 3 және 4 ақпанда жеңіс үшін Қазақстанның, Германияның, Ресейдің, Швецияның, Австрияның және Нидерландтың «мұз гладиаторлары» күресті. Тікенекті дөңгелегі бар мотоцикл мінген спортшылардың жарыстары ең кішкентай жанкүйерлерді де бейжай қалдырған жоқ. Жоғары жылдамдық, жеңіске ұмтылыс тынысты тарылтты! Спидвей бойынша отандық команда жақсы нәтиже көрсетті. Ақмола облысының жас жанкүйерлері, тұтастай алғанда көрермендер алдына шығуы ерекше болды – біздің командамыз үшін мақтаныш сезімі Қазақстанның атынан мұз сарайында болған барлық адамды біріктірді. Спидвей бойынша чемпионаттың келесі кезеңдері Ресейде, Голландияда және Германияда жалғастырылады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының автомотоспорт федерациясына Спидвей бойынша чемпионаттың бүкіл 2 күнінде балаларға берген мүмкіндік үшін үлкен алғыс білдіреді!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2801-news-rus#sigFreeIdc64ba02adc