Алматы қ. № 1 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары 13 ақпан, Халықаралық құймақ күні жүрек және гүл нысанында вегетариандық құймақ пісірді.
Екі жылдан астам уақыт бойы «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен «Шеврон» компаниясының бірлескен волонтерлік жобасының шеңберінде осы компанияның қызметкері Анар Айтекенова айына екі рет Алматы қ. № 1 балалар үйінде аспаздық шеберлік сабақтарын өткізеді. «Аяла» және «Мейірім» топтарының қыздары дайындайтын барлық тағам вегетариандық, яғни етсіз болғандықтан, дәстүрлі рецептіден бас тартуға тура келді. Жас аспаздар қамырды жұмыртқа салмай иледі. Балалар сүт, айран, тұз, ванилин және өсімдік майын пайдаланды. Қыздар нәтижесі қандай болады деп қатты уайымдады, бірақ олардың уайымы бекер болды. Құймақтардың ойдағыдай пісірілгенін көріп, олар құймақтың нысанын өзгерте бастады. Ал екі қыз – Регина мен Аня – бірінші реттен бастап құймақтарды табаның үстінен жоғары лақтыра отырып, жасауды үйренді. Қалған қыздар мұндай фокус жасауға дәті бармады. Сол кеште балалар үйінде жарықтың екі рет өшуіне қарамастан, қыздар жүрек, сұлба, гүлдер нысанында және әрине, кәдімгі дөңгелек түрінде көп құймақ дайындады. Шеберлік сабағы көңілді шай ішумен аяқталды.
Халықаралық құймақ күнін осыдан 500 жылдан астам уақыт бұрын Англияда атап өту басталды. Ұлы ауыз бекіту кезінде бір ағылшын әйел асүйінде жасырын түрде құймақ пісіріп жатқанда, қоңырау шылдырлады. Қорыққанынан ол шіркеуге табасымен және онда шыжылдап жатқан құймағымен қоса жүгірген. Бұл күнді тағы да тоқ мейрам деп те атайды. Биыл ол 13 ақпанға сәйкес келіп отыр.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2840-news-kz#sigFreeId93260875e6