«Шеврон» компаниясының қызметкерлері Алматы қ. № 1 балалар үйінің «Балапан» кіші тобының балаларына тоқылған жилеттерді берді. Бес – сегіз жас аралығындағы 7 қыз бала мен 6 ұл бала қолдан тоқылған жаңа киімдер алды.
Бұрын хабарланғандай, компанияның волонтерлік жобасының шеңберінде «Шеврон» компаниясының қызметкерлері осы балаларға бас киімдер мен бөкебайлар тапсырған болатын. Ол кезде тәрбиеленушілер балаларға жилеттер тоқуды сұраған еді.
Тоқитын жүн мен тоқыма біз сатып алу үшін қажетті ақшаны компания бөлді. Қажетті материалдарды біздің қордың қызметкерлері сатып алды. «Шеврон» компаниясының маманы Айнұр Сыдықова барлық ниет білдірген әріптестер үшін тоқу бойынша шеберлік сабағын өткізіп, бір айдың ішінде шебер қыздар жилеттерді тоқып шықты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2842-news-kz#sigFreeId78c16e88fc