Ақмола облысы балалар үйлерінің жүзге жуық тәрбиеленушісі украиналық әйгілі әнші Дмитрий Монатиктің қонцертіне барды. Көпфункционалдық «Барыс Арена» спорт кешенде өткен концертте қазақстандық жас дарын – «Голос Украины дети» байқауының жеңімпазы Даниела Толешевада ән айтты.
Бұл шара Халықаралық спорт күні аясында өткендіктен Ұлттық олимпиада комитеті «АЯЛА» қайырымдық қорына 100 билет ұсынды. Қор облыстың Есіл және Ақкөл қалалары мен Урюпинко және Сандықтау ауылдарындағы балалар үйінен 100 оқушы мен олардың тәрбиеленушілерін шақырды. Астанаға келген қонақтарды «Line Brew» мерамханасы мен «Damdes» дәмханасы тамақтандырды.
Урюпинка мен Ақкөлден келген балалар концерттен кейін үйлеріне қайтып кетсе, Есіл мен Сандықтаудан келген қонақтар жол ұзақ болғандықтан Астанада қонып қалды. Wyndham Garden Astana қонақ үйі қонақтар үшін ыңғайлы бөлмелер мен таңғы ас дайындады. Ал ертеңіне балалар мен тәрбиеленушілері үйлеріне қайтты.
«АЯЛА» қайырымдық қоры Ұлттық олимпиада комитеті, Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Line Brew мейрамханасы мен Damdes дәмханасына үлкен алғысын білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2847-news-kz#sigFreeId19ebad9ce2