«АЯЛА» қайырымдық қоры ұйымдастырған «Күлімдеу күні» 29 мамырда Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағында өтті. Биыл оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыстың басталуын Алматы мен Алматы облысының алты жетім балалар үйінен келген бес жүзден астам бала тойлады.
Аталған шара осы мен 11-рет ұйымдастырылып жатыр. Біздің қонақтарымыз: №1 Алматы қ. және №1 Алматы облысының балалар үйлерінің, «Жанұя» арнайы кешені мен SOS Балалар ауылы Алматы тәрбиеленушілері, сонымен қатар Талғар қаласындағы «Ковчег» және отбасы үлгісі бойынша жасалған «Нур» балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.
Еске салсақ, түрлі себептер бойынша ата-анасыз қалған балалар үшін ойлап шығарылған мейрам бірінші рет 2008 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол уақыттан бері Күлімдеу күні оқушылардың асыға күтетін мейрамдарының біріне арналды. Бұл күні балалар саябақтың аттракциондарында қалағанынша ойнай алады. Сонымен қатар, оқушыларды дәмді тәттілер: балмұздақ, жемістер мен түскі ас күтеді.
Қор бастамасын «Қиял әлемі» саябағынан басқа бас демеуші ретінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы қолдады. Ал мейраммың тұрақты серіктесі Любовь Пак бабаларға апельсин пен сүйікті шырынын алып берді. VITA BOTTLERS компаниясы 700 бөтелке су алып келді. Ал балаларға арналған киім сататын Sonata Kids дүкені банан берді.
«АЯЛА» қайырымдық қорының президенті Айдан Сүлейменова: «Осыдан 11 жыл бұрын бірінші «Күлімдеу күнін» ұйымдастырғанда, біз бұл шара жақсы дәстүрге айналады деп ойламадық. Жылдар бойы осы мейрамға қатысқан балалар үйлерінің түлектері тәрбиелеушілеріне қонаққа келгенде бұл мейрамды жылы сөзбен еске алып тұрады».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2870-news-rus#sigFreeId05b78afe48