Ақмола облысының Ақкөл және Щучинск қалаларының және Урюпинка ауылының балалар үйлерінің 119 тәрбиеленушісі мен тәрбиешілері Астанадағы Гала-концертке барды. Іс-шара Burabay Summer Fest Халықаралық балалар конкурсының аяқталуына орай ұйымдастырылды. Ең үздіктері «Қазақстан» Орталық концерт залының сахнасында өткен осы тамаша кеште өнер көрсетті, онда түрлі елдерден келген жас дарынды балалар жиналды. Облыстық балалар үйелерінің балаларына арналған ауқымды Гала концертке бару – жазғы демалысты керемет өткізу уақыты. Концерт басталғанша астана қонақтары елдің жас суретшілерінің шығармашылығына тәнті болды, олардың жұмыстары концерт залының фойесінде ұсынылды, ал балалар бірқатар селфи жасап үлгерді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры балалардың Burabay Summer Fest Гала-концертіне баруын ұйымдастырғаны үшін елдің Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіреді!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2901-news-rus#sigFreeIdc1a5c7a96e