«SOS Алматы балалар ауылы» тәрбиеленушілері сурет салу үшін қажетті материалдарды алды. Енді, мектептегі сабақтардан кейін, балалар уақытын мольберттің алдында өткізе алады. Барлық қажетті материалдар – қағаздар, бояулар, қарындаштар, маркерлер және т.б. материалдар – демеушілердің ақшаларына алынған.
Балалар ауылы 12 үйден тұратындығын атап өтеміз. Қазіргі күнде 9 үйде 9 отбасы тұрып жатыр: тәрбиеленушілердің жалпы саны – 57. Әр отбасының қасында SOS анасы мен оның көмекшісі SOS тәтесі ілесіп жүреді. Барлық балалар қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқиды.
Қосымша білім беруге қаржының болмауына байланысты, балалардың үйірмелер мен секцияларға баруға мүмкіндігі жоқ. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Techno solutions компаниясына және бізге талай көмек көрсетіп жүрген Анвар Кувандыковқа алғыс білдіреді. Жобаның жалпы құны – 222 415 теңге.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2945-news-kz#sigFreeIde13e05c9a2