SOS Алматы балалар ауылының тәрбиеленушілері Starbucks Park View-де Дүниежүзілік кофе күнін атап өтті. Арнайы жас қонақтар үшін кофе қайнату жайында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Тәжірибелі баристаның жетекшілігімен балалар сергіткіш сусын дайындауды үйреніп, кофені кофеинсіз де жасауға болатынын, оны қуыру тәсілдері сияқты қызықты фактілерді білді.
Тек қана кофе емес, түрлі сүтті коктейльдерді де дайындап, оларды да қуана ішіп, дәмін көрді.
Сондай-ақ балалар кофеханадан тәттілерден дәм татты. Ал шеберлік сабағынан кейін бірлескен фото жасап, достарына әсерлерімен бөлісуге үйге аттанды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2963-news-kz#sigFreeId9c60dbe251