Наурыздың басынан бері Облыстық балалар үйінің 5-тен 10 жасқа дейінгі 12 баласы кәсіби жаттықтырушының қадағалауымен үлкен тенниспен айналысуда. Балалар үшін мұндай мүмкіндікке Samsung компаниясының қолдауымен қол жеткізілді, олар бүкіл сабақтарды және спорттық киім-кешектерді толықтай төлейді.
Балалар үйінің ең жас тобыны үлкен теннистен жылдық жаттығулардан өтуде. Олармен тамаша жаттықтырушы және керемет педагог - Сергей Биркин жұмыс істейді. Ол балалар үйінің тәрбиеленушілерінен болашақ теннис жұлдыздарын дайындау идеясын Samsung компаниясына өзі ұсынды. Компания бұл жобаны қуанышпен іске асыра бастады.
Жазғы жаттығулар басталар алдында Samsung компаниясы жаңа және ыңғайлы спорт киімдерін – майкалар, шұлықтар, кроссовкалар, шолақ шалбарлар (ұлдар үшін) және белдемшелер (қыздар үшін) сатып алды. Балалар жаттықтырушымен кездесуді асыға күтеді және еліктіргіш әрі қызықты жаттығуды жіберіп алмау үшін жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсетуге тырысады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3087-news-rus#sigFreeIdac5bc0caff