Ағаштар мен гүлдер егу, сәндік пішіндер жасау, ауланы жиыстыру. «Шеврон» компаниясының қызметкерлері мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының аумағында өткізген сенбілік оқиғаға толы болды.
Таңғы сағат 10-нан түске дейін 30 ерікті 40 раушан көшетін, сондай-ақ магнолия, қызыл өрік, арша бұталарын отырғызды. Ағаштар ағартылды, өрт сөндіру қалқандары боялды, өткен жылғы жапырақ қалдықтары мен басқа қоқыс тазаланды, 18 әртүрлі жануар мүсіндері боялды және орнатылды. Орталықтың таза ауада демалатын емделушілері бұталарда ұйықтап жатқан Бембилерді, қызғылт бұталар арасынан қарап тұрған суырларды және балалар мультфильмдерінен басқа да таныс кейіпкерлерді көре алады. Сенбілік бюджеті 3 768 163 теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетсек, орталық Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жаңа туған сәбилерден 18 жасқа дейінгі балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Емханада 285 төсек қоры бар.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3088-news-rus#sigFreeId791b2c500f