Дәмді әрі қолжетімді тамақ дайындайтын Qaganat асханалар желісі «АЯЛА» қорының жасөспірімдерге кәсіби бағдар беру жобасына қолдау көрсетті.
Бренд-шеф Марат Галеев облыстық № 1 балалар үйінің және облыстық № 15 мектеп-интернаттың 9-11 сыгып оқушылары үшін 8 мастер-класс өткізеді. Сабақтар аспаздық-мастер класс түрінде өтеді. 2,5 сағат бойы Марат Галеевтiң жетекшілік етуімен балалар өздері дәмін татып немесе дайындауды үйренгісі келетін тағамдарды дайындайды.
Екі мастер-класста олар бренд-шефпен бірге үш салат – «Ішік астындағы майшабақ», «Теңіз шаяны», «Цезарь» салаттарын дайындады, дәмді тұздықты сорпа пісірді, тауық етінен стейк қуырды, хычина және пиццаның үш түрін – «Пепперони», «Саңырауқұлақ» және «Кальцоне» пісірді. Сонымен қатар өте дәмді десерт – үйде жасалатын «Құс сүтін» жасауды үйренді. Алда сүйікті тағам мен десерт дайындаудың амалын меңгеруге болатын әлі 5 сабақ бар.
«АЯЛА» қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасында балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына кәсіптік бейімделуіне көмек береді. «Біз осы білім беру мекемелерін оқып бітірген балалардың өмір сүруіне, оқуын жалғастыруына және өсуіне, бірақ ең бастысы – өзіне жұмыс табуына көмектесетін пайдалы практикалық дағдысының болуын қалаймыз. Бұл іске Qaganat компаниясының қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз», - деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сулейменова.
Аспаздық мастер-класстар топтамасын Qaganat-тың ынталандыру таныстыру шарасы ашты. Мұнда балалар үйлері мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері компанияның қағидалары мен құндылықтары туралы білді. Сонымен қатар олар бұл компанияда нөлден бастап мансап жолын қалай құруға болатынын білді. Qaganat маркетологы Әсел Набиева ыдыс жуушы, аспаз және асүй жұмысшысы болып бастап, қажырлы еңбегі мен мақсаткерлігінің арқасында компанияның үздік менеджерлеріне айналған өз әріптестерінің жетістік тарихымен бөлісті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3177-news-rus#sigFreeIdc7da11d421