Осы жолы балаларды қорғау күні үш балалар үйінің, 1-ші және 2-ші қалалық және 1-ші облыстық балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің есінде көпке қалады. Бұл күні «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырып, өткізген болатын. Балалар осы күнді көптен күткен болатын. Сөйтіп 2008 жылдың 1 маусымында Алматы Халықаралық Мектебі (AIS) стадионының жасыл алаңында тамаша көрініс басталды.
Samat Show Technics нағыз концерттік алаңшаны орнатып, осы сахнада алдымен цирк әртістері өнер көрсетіп, кейінірек біздің ерікті көмекшілеріміз – Алматы жоғары оқу орындарының студенттері өткізген шығыс биі мен брейкданс «шеберлік сыныптары» өткізілді. Футбол алаңының әр жерінде волонтерлер балалармен ширату ойындарын ойнап, көңілді сайыстар өткізіп жатты. Американ футболын ойнап үйрету де, боди-арт та, түрлі эстафеталар да, балалар суретінің сайыстары да болды.
Біздің ісшарамыз қала әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың назарынсыз қалмады. Олар жиналғандардың барлығын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, мерекені ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді. Мерекеге бұқаралық ақпарат құралдары да қызығушылық танытып, қор өкілдерінен де, балалардан да, балалар үйлерінің тәрбиешілерінен де интерьвью алып жатты.
«Bellagio», «Line Brew», «Mamma Mia», «FAME», «Белый Кофе», «Көктөбе» мейрамханалары, «Baskin Robbins» және Resmi Group балмұздақ және сусын өндірушілері ұсынған аса дәмді түскі астан кейін «All Davay», «FM», «Young Stars», «Turar» секілді қазақстандық әртістердің қызықты концерті өтті. Балалардың қуанышында шек болмады, олар әншілерге қосылып ән айтып, оларды жібергісі келмей, қолтаңбаларын сұрап, оларға қолдарын созып, ұстап көріп жатты. Мерекені танымал шоу-мэн Александр Шумский жүргізді.
Балаларға арналған мерекені дұрыс, экологияға залал келтірмей, қауіпсіз өткізуге Алматы қаласының Әуезов және Бостандық аудандарының әкімдіктері көмектесті. Бұл мемлекеттік мекемелер күннен қорғаушы тенттер мен биодәретханаларды ұсынған болатын. «Тәртіп» АҚ-на мерекенің соңына қарай сусындардан қалған бос шөлмектерге, пайдаланылған ыдыс-аяққа және т.с.с. толып қалған қоқыс салуға арналған контейнерлері үшін бөлек алғыс білдіреміз. Олардың арқасында жасыл шөп жабындысы мен ісшара өткізілген төңірекке зиян келтірілмеді.
Мерекенің басында тәрбиеленушілерге сыйға тартылған сәнді кепкалармен қатар, шоу аяқталарда барлық балаларға жеке сыйлықтар табысталды. Қыздар – сәнді көйлектер ал ұл балалар Еуропаның ең танымал футбол клубтарының нағыз футбол киімін алды. Сонымен қоса, үш балалар үйінің барлығы спорттық жабдықтың тұтас арсеналына ие болды: футбол және волейбол доптары, бадминтонға арналған жиынтықтар мен секіргіштер. Қазақстанның тұңғыш президентінің қоры балалар үйлерінің әрқайсысына бейнекамера мен фотоаппарат сыйлады.
Бірақ балаларға тек осындай сыйлықтар ғана емес, оларға деген жылы қатынас, мейірімі мол жандардың ықыласы қымбат.
«АЯЛА» және «ДАРА» қорлары осы мерекеде, КҮЛКІ КҮНІ, бізге балалардың жүзіне күлкінің шексіз санын ұялатуға атсалысқан барлық ұйымдарға, компанияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына және жай ғана игі жандарға алғысын білдіреді!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/889-news-kz#sigFreeIdb2836c8380