Өмірінің алғашқы төрт айының екі айын бұл бала ауруханада өткізді. Дене қызуының шамалы көтерілумен басталған ауру оның өліміне әкеле жаздады. Ауыр хәлде кішкентай Нұрдәулет балалар инфекциялық ауруханасына келіп түсті. Жағдайының ауыр болуына байланысты оны реанимация бөлімшесіне орналастырып, « SAVINA » өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді. Бұл баланың орнына заманауи аппарат бір жарым ай тыныс алды. Қарқынды терапия оң нәтиже берді. Нұрдәулеттің сырқат тарихындағы соңғы жолақ – «2008 жыл 13 қазан. Бала толығымен емделіп шықты».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/896-news-kz#sigFreeId4b5a6dbc6f