Қуаныш күні – Алматы және Талғар қалаларында орналасқан барлық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін өткізілетін, оқу жылының аяғына ұшталған мереке. Бұл мерекені 2008 жылдан бері бастап «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары ойлап тауып өткізіп келе жатыр. 2012 жылы мереке «Мир Фантазий Алматы» паркінде болған өрттің кесірінен өтпей қалды.
Оқу жылдың аяғында барлық бала шаршағандарын сезінеді, сонда осы мереке осы шаршағандықты шешуге көмектесуге нағыз өзі. Қуанышқа орай, мерекелерді «Мир фантазий Алматы» сауық паркінің әкімшілігі, біздің қаланың жетекші мейрамханалары, қазақстандық эстраданың әртістері және дәстүрлі болып қалыптасқан мерекенің көптеген демеушілері жаппай қолдап жатады.
Биылғы жылда «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары қалалық №1, №2 балалық үйлерінің, мамандандырылған «Жанұя» кешенінің, облыстық балалық №1 үйінің, Алматының балалар SOS ауылының, Талғар қаласындағы отбасылық типтас балалар үйлері «Нұр», «Ковчегтің» 700 тәрбиеленушілері үшін мереке өткізді. Бұл мереке өзінің пайда болған сегіз жыл ағымында біздің елдегі қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қалыптастырудың кезекті кезеңі болып табылды.
«АЯЛА» және «Дара» қайырымдылық қорлары өз әрекеттерінде қашанда болса, тиімді қайырымдылықты ұстауға тырысады. Біз балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне киім және тәтті сияқты сыйлықтармен алдап үстін-үстін бере бермейміз. Бағымызға орай, біздің мемлекет әр түрлі күш себептерінен ата-аналарының қамқорынан айрылған балалардың осы қажеттенетіндерін толық мөлшерде қамтамасыз етіп отырады. «Қуаныш күні» мерекесі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін де, осы әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін де сағынып көп күтетін шара.
Біздің эстраданың жұлдыздары қатысатын концерт, аттракциондар және мерекенің барлық қатысушыларына арналған түскі тамақ – барлығы үшін маңызды оқиға. Балалар үйлерінің қызметкерлері бір емес рет балалардың осы мерекені сағына күтетіндерін айтады, ал, тәрбиешілер үшін Қуаныш күні – ол демалуға қосымша күн, себебі, осы мерекеден кейін балалардың «ес-түстерін білмей ұйықтайтындарын» белгілеп қоймайды.
Биылғы жылы мерекеге қолдауды «Мир фантазий Алматы» паркі, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы, мейрамханалық Palladium кешені, әзір тағам Burger King мейрамханасы, «Производственный комплекс «Аврора» ЖШС – залалсыздандыру құралының отандық өндірушісі, «Prime Aviation» АҚ, «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС, «KPMG Аудит» ЖШС және «Алматыэлектротранс» ЖШС көрсетті. «АЯЛА» қоры үшін мерекені өткізудің бюджеті 897 608 теңгені құрады.
Мерекенің қонақтары үшін ұйымдастырған концертке қазақстандық эстрадасының жас жұлдыздары «Смокинг» тобы, NIKA би мектебінің ұжымы, DJ Denis, Mysterions тобы және тағы Алматылық Мемлекеттік цирк әртістері қатысты. Барлық мерекелік шоудың өзгермейтін жетекшісі Александыр Шумский болды.
«Қуаныш күнін сегізінші жыл қатарымен өткізіп келеміз, және оның бас мақсаты – тек балаларды Халықаралық балалар қорғау күнінің құрметіне қуанту емес, ата-аналарының қамқорынан айрылған балаларға көмек көрсетуге қажеттілігіне қоғамның назарын аудару. Жыл сайын жетім балалардың санының азайып келе жатқанына қарамастан, барлық қоғамға әр баланың жанұясын болдыруға әрі қарай тағыда күш сала беру қажет болып тұр», - деді Мадина Бакиева, «ДАРА» қорының атқарушы директоры.
Жангелді Сарсенов, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті былай деп белгіледі: «Қуаныш күні» өткізілген 8 жыл арасында жақсы бір дәстүрге айналды да, қайырымдылықтың өздік бір белгісі болып қалыптасты. Мерекені өткізіп жүрген жылдарда бізде бірнеше сағатқа өз территориясы мен барлық аттракциондарын төлем ақысыз ұсынатын «Мир Фантазий Алматы» паркі сияқты тұрақты серіктестер пайда болды. Ал, талап етілетін шоумен Александр Шуменский біздің мерекелерге еркінші ретінде үнемі қатысып жүреді. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері атынан біз бізге осы мерекені ұйымдастыруға көмектесіп жүргендердің барлығына алғысымызды айтамыз».
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/934-news-kz#sigFreeId78f174b860