11 желтоқсанда Е. Вахтангов атындағы театрдың сахнасында Мәскеуде қайырымдылық «Любовь никогда не перестает» атты концерт-түсаукесерлігі өтті. Бұл концерттің ұйыдастырушысы жақын арада құрылған «Культура - детям» қоры болды. Бұл қорды ұйымдастырудың бастаушысы ресей балет сахнасының жұлдызы Илзе Лиепа болған. «Культура - детям» қоры Ресейдің ең маңызды мәдениетті жетістіктерінің бірі – балетті дамытуға көмектесуді жоспарлап отыр. Мәскеуде жұмыс істейтін балалық балет мектептері балаларға кәсіби бишілер болуға міндетті емес мүмкіндік береді. Бұл мектептер қыз балалар мен ұл балалардың мәдени тәрбиелеріне үлкен үлес қосады. Илзе балет мектептерінің тәрбиеленушілерін құрбыларынан жай ғана келбеттері мен ымдарынан айруға болатынын айтады.
Концертке әлем музыкасының, орыс театры мен балетінің жұлдыздары қатысты. Қайырымдылық акцияға Ресейдің халық әртістері Валерий Баринов, Александр Михайлов, Игорь Костолевский, Евгений Миронов, Надежда Бабкинаның орыс өлеңдер ансамблі, атақты пианист, Гнесиных атындағы ресей музыка академиясының профессоры, халық әртісі Юрий Розум қатысты. Театрдың сахнасында балеттің жас жұлдыздары Ю. Степанов пен К. Янгуразов ойнаған «Настроение» номірінің алғашқы қоюы өтті. Осы нөмірмен көп жыл бұрын халықаралық фестивальдерінің біреуінің бас жүлдесін енді жас бишілерді ұсынған Андрис Лиепа алған болатын.
Балеттік нөмірлермен Илзе Лиепа мектебінің жас әртістері шықты. Оған қоса, Илзе барлық концертті жүргізді. Осы амплуада серіктесі атақты ресей әртісі Александр Олешко болды. Концерттің әшекейі Ресейдің халық әртісі көрнекті Илзе Лиепаның орындауындағы грузин қалалық биі «Багдадури» болды.
Қайырымдылық қонцертінің мақсаты Николо-Сольбинский монастырінің тәрбиеленуші қыздары үшін автобус сатып алуға қаражат жинау болды. Бұл автобус осы баспананың тәрбиеленушілеріне Мәскеуде өтіп жатқан мәдени шараларына баруға мүмкіндік береді.
«Культура - детям» концерт-тұсаукесеріне Айдан Сулейменованы, «АЯЛА» қайырымдылық қорының президентін Илзе Лиепаның өзі шақырды, бірақ, бір жағдайлар күшімен біздің қорды вице-президент Жангелді Сарсенов өкіл етті. Қордың қызметкерлері оны концертке келу мүмкіндік тапқаны үшін жылы ризашылықтарын білдірді. Келесі, концерттен кейінгі күні қордың «Культура - детям» кеңсесінде біздің қордың вице-президентінің қордың жетекшілерімен екісағаттық сұхбаты өтті. Бұл кездесу өзарабайыту болды. Біздің қорға, міне, сегіз жыл болып қалды және жаңа құрылған қор жұмысқа қажет фандрайзингтің пайдалы әдістерімен, демеушілер мен қамқордағылармен қарым-қатынас жасаудың егдей-тегжейлерімен және қайырымдылық қордың тиімді жұмыс істеу үшін көп тағы басқаларымен танысты. Кездесу үстінде екі қордың серіктестесу жақтары белгіленді. Кездесудің аяғында Илзе Лиепа біздің қордың президенті Айдан Сулейменоваға өзінің жаңа шыққан «Театральные сказки» кітабына қолын қойып берді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1528-news-kz#sigFreeId1c69a2955f