Бүкіл өмір – театр.
У. Шекспир
Естеріңізге сала кетейік, биыл біздің қор, қайырымдылық шаралар үшін себеп сирек болатын неше түрлі дүниежүзілік және халықаралық күндерге ұштап балаларға қайырымдылық мерекелер өткізуді шешкен.
Бүгін біз алматылық №2 балалық үйінің тәрбиеленушілерімен бірге Дүниежүзілік театр күнін атап өттік. Жағымды жағдай болғаны,көктем каникул күндері №2 балалық үйіне қонаққа Өскемен қаласы балалық үйінің 28 тәрбиеленушісі келді. Дүниежүзілік театр күнін біз балалармен бірге Н. Сац атындағы жас көрермендер театрының «Снежная королева» спектаклінде өткіздік. Көркем сахна көрінісі, тамаша костюмдер мен актерлердің беріліп ойнаған ойындары барлық көрермендерді, оның ішінде, балалық үйлерінен келген біздің қамқорымыздағыларды селқос қалдырған жоқ.
Біздің қорымызда балалық мерекелерді өткізуде болып кеткен дәстүр бойынша, біз барлық қыз бен ұл балалар үшін шағын сыйлықтар – тәттілер мен жемістер дайындап қойдық.
Қазіргі таңда біз Халықаралық балалық кітап күні (2 сәуір) мен Дүниежүзілік мультфильмдер күнін (6 сәуір) мерекелеуге демеушілер іздеудеміз. Осы 2 мерекені біз бірлестіріп, біздің қамқорымыздағы интернаттар біреуінің балалары үшін кинотеатрға саяхат ұйымдастырып, бұл мерекенің аяғында балаларға кітаптар сыйласақ деп шештік. Одан басқа, біз Дүниежүзілік денсаулық күнін (7 сәуірде) атап өтуді жоспарлап отырмыз. Барлық біздің шаралардың форматын, күнін және бюджетін Сіздер мына телефон арқылы анықтап ала аласыңыздар: +7 727 250 90 52.
Сіздерді осы балалық мерекелерге демеушілердің бірі ретінде қатысу қызықтырар, деп үміттенеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1605-news-kz#sigFreeIdb199a2a8c7