Биыл Жеңіс Күніне Вера Марковна Черноваға өте қажетті әрі ерекше сыйлықты тапсырды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры ардагер-байланысшыға жаңа технология бойынша жасалған есту аппараттарын сыйға тартты. Сыйлықтың құны – 210 000 теңге. Қор қызметкерлері Вера Марковнамен және арнайы маманмен бірге барып, электрондық дыбыс күшейтетін құралды таңдады.
Ардагердің айтуынша, ол қайтадан ести бастағанына қатты қуанды. Қазір әжей 92 жаста, ол адамдармен араласқанды, белсенді өмір салтын жақсы көреді, ең бастысы – жақсы көретін немерелерінің ортасында.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2190-news-kz#sigFreeId5c62953cc0