Жаңа жыл алдындағы күндері біздің командамыз балалармен араласып, сыйлықтарды таратты. Әрине, бұл сиқырлы кезеңде біз Түрксіб ауданында тұрып жатқан ұлдар мен қыздарды айналып өте алмадық. 30 бала British American Tobacco компаниясынан планшеттер және kaspi bank-тен кәмпит жиынтықтарын алды. Денсаулығына байланысты бұл балалар мерекелік іс-шараларға қатыса алмады. Сондықтан қонақтардың келуі олар үшін тамаша тосынсый болды.
Мереке күндері «АЯЛА» қоры тағы да бір, өте мықты кейіпкерді құттықтады. Разия Акчина бізге Жаңа жылға сыйлық беру туралы өтініш жасады. Оның үш баласы бар. Үлкен қызы 5 жасынан бастап үздіксіз ем алуда, ол лейкоз ауруына шалдыққан. Қазір ол 14 жаста. Біздің командамыз оған iPad және 3 кәмпит жиынтығын сыйға берді.
«Жас Дарын» жас дарынды қолдау» қоғамдық бірлестігінен Дакен Төребекова үшін «АЯЛА» қоры және ВАТ компаниясы сыйлаған планшет те тамаша тосынсый болды. Жаңа 2017 жылы Дакен және Разияның балаларының дені сау болады деп үміттенеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2385-news-kz#sigFreeId733905bdb0