2017 жылғы 27 наурызда «АЯЛА» қайырымдылық қорына 10 жыл толды. Осы жылдар ішінде қордың медициналық және білім беру жобаларына 2,8 млрд. теңге жиналып, жұмсалды. Қазақстан Республикасының 58 қаласындағы және елді мекендеріндегі балаларға арналған 216 медициналық және білім беру мекемесіне көмек көрсетілді.
Қор 10 жыл ішінде Италияның, Ресейдің, Украинаның, Үндістанның, Түркияның, Литваның және Оңтүстік Кореяның жетекші медициналық мекемелерімен байланыс орнатты. Мамандар өздерінде, сол сияқты Қазақстанның ауруханаларында және перинаталдық орталықтарында дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге арнап шеберлік сыныптарын, сондай-ақ біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.
«АЯЛА» қоры жұмысының мерейтойы қарсаңында телевизиялық, баспасөз БАҚ, сондай-ақ интернет-басылымдардың журналистері арасында «Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурс ұйымдастырылды. Бұл конкурстың ұраны «Игілік туралы айтсақ, әлем жақсарады!» атты сөз орамы болды.
Оған Қазақстанның 18 аймағынан 70-тен астам журналист қатысты. Қазылар алқасы үшін қорытынды шығару өте қиын міндет болды, оның құрамына «Интерфакс-Қазақстан» атты беделді ақпараттық агенттіктің өкілі Светлана Романова, «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов және «Эйр Астана» әуекомпаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахимов кірді. Әуекомпания марапат ретінде жеңімпаздарға Тбилисиге, Санкт-Петербургқа, Гонконгқа және Парижге шығармашылық іссапар ұсынды.
Жыл бойы журналистер қазылар алқасына игі істер туралы әңгімелері бар материалдар жіберді. Көптеген жарияланымдардың кейіпкерлері қайырымдылық саласында 10 жылдық тәжірибесі бар қор үшін де жағымды үлгі болды.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурстың марапаты төмендегідей бөлінді – құрметті үшінші орынды және Тбилиси қаласына екі адамға арналған шығармашылық іссапарға билетті Татьяна Аладьина, «Экспресс К» газетінің журналисі алды. Қазылар алқасының пікірінше, екінші орынға және Санкт-Петербург қаласына сапарға Орал қаласынан Аиша Киреева ТВ бағдарламалар циклы үшін лайық деп танылды. Бірінші орынға және Гонконгқа билетке Екібастұз қаласының журналисі Дарья Жұмаділова ие болды. Ал бас жүлденің – конкурстың гран-при жүлдесінің иегері Астана қаласының журналисі Ренат Ташкинбаев болды. Жеңімпаздар үшін тосынсый ретінде тағы бір демеуші болды – ADD Capital компаниясы қонақүйлерде тұру шығыстарын өзі көтерді.
«Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қазақстанның көптеген аймақтарынан келген журналистер қатысты. Олардың әуебилеттерін және тұру шығыстарын тұрақты әріптес – «Эйр Астана» ұлттық әуекомпаниясы қамтамасыз етті. Салтанатты іс-шараның барлық қатысушылары «АЯЛА» қайырымдылық қорынан және әріптестерден ескерткіш сыйлықтар алды.
«Конкурсқа қатысқан барлық журналистерге үлкен алғыс білдіреміз. Игі істер туралы айту дәстүрі әрбір журналистің жақсы әдетіне айналады деп үміттенеміз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2510-news-kz#sigFreeId67644dbb0c