Корея Республикасының елшілігі жанындағы Білім беру орталығында интерактивті сынып ашылды. Жалпы сомасы 3,7 млн. теңге болатын қажетті техниканы – 25 планшетті, интерактивті тақтаны, ноутбук пен жиынтық бөлшектерді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы берді.
Аталған техниканы студенттер корей тілін үйренген кезде пайдаланатын болады. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының электроника нарығында ірі ойыншы болып табылатынын және «АЯЛА» қоры ұйымдастыратын көптеген қайырымдылық жобаларына қатысатынын атап өтеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2841-news-kz#sigFreeId91b75058f3