Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының қызметкерлері 4,5 литр қан тапсырды.
Акция жыл сайын 14 маусымда атап өтетін Дүниежүзілік донор күніне арналған. Бұл күн 2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының барысында өтеусіз донорларға алғыс ретінде таңдалды.
Бір адам 450 гр. қан тапсыра алады және жарты жылда бір реттен жиі емес. Шұғыл қан құю талап етілетін адамдарға көмектескісі келетін донорлар көп болды, бірақ олардың бәрі қан тапсыра алмады. Сондықтан жарты жылдан кейін еріктілер акцияны қайталауға ниеттеніп отыр.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры Samsung компаниясының қызметкерлеріне ықыласы және Алматы ауруханаларының науқастарына көмектесуге дайын екендігі үшін алғыс білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2893-news-kz#sigFreeId1d92bcea5a