«Шеврон» компаниясының және «АЯЛА» қайырымдылық қорының Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы әлеуметтік жобасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлді. Біздің қорымыздың республикалық жобаларының жетекшісі Артем Радайкин ардагерлермен өзі байланысып, Жеңіс күніне орай олардың қандай сыйлық алғысы келетінін анықтады. Ерейментау ауданында тұратын үш ардагер – Кәрім Оспановқа, Николай Фроловқа және Марк Стилевойға тұрмыстық техника, жиһаз және медициналық бағыттағы бұйымдар берілді.
Жеңіс күніне арналған сыйлықтарды тапсыру рәсіміне Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғманов, сондай-ақ ардагерлерге «Ақмола облысының Ескерткіш кітабын» тапсырған Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.А. Артамонова қатысты.
ҰОС қатысушылары «АЯЛА» қорына, сондай-ақ «Шеврон» және осы әлеуметтік маңызды жобаға қосылған SamsungElectronics компанияларына ардагерлерге ерекше көңіл бөліп, есте сақтағаны үшін шексіз алғыс білдірді.
Осы акция арқылы 1941 – 1945 жылдардағы қантөгіс соғыс ардагерлерінің тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша адамдардың көмегінсіз қалмауға тиіс деген жағдайды көрсеткіміз келді.
Instagram желісінде біз қайырымдылық хэштегтерінің бірі - хэштег#қайталауға лайық деп ұсындық және бұл үлгінің де қайталауға лайық екендігіне сенімдіміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/940-news-kz#sigFreeIdead5dd4936